13.12.2007, 17:22 2866

"Қазақтелеком"АҚ маңызды қаржы көрсеткіштерінде келеңсіз үрдістері бар - Есеп комитеті

"Қазақтелеком"АҚ маңызды қаржы көрсеткіштерінде келеңсіз үрдістері бар - Есеп комитеті

Астана. 13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазақтелеком"АҚ маңызды қаржы көрсеткіштерінде келеңсіз үрдістер бар. Мұндай қорытындыны есеп комитеті жасап отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

" "Қазақтелеком" АҚ қаржылық жағдайын сараптау кезінде, олардың бірсыпыра қаржы көрсеткіштері келеңсіз үрдістердің барын көрсетті", - делінген есеп комитетінің бейсенбі күні таратылған ақпаратында.

Тексерушілер анықтағанындай, "сатылған қызметтің өзіндік құнының өсуі байқалады". "2005 жылы компанияның сатылған қызметінің өзіндік құны, жоспарды 16,7% асырса, 2006 жылы - 12,1% артылды. 2006 жылы "Қазақтелеком"АҚ барлық құрылымдық шығындарында, көрсетілген қызметтің өзіндік құны 69% жетті". Жалпы және әкімшіліктің шығындар сметасы асырылып, 2 млрд тенгені құраған", - деді есеп комитетіндегілер.

Сонымен қатар, 2005 - 2006 жылдары "дебиторлық қарыздарды қайтару жұмыстары қажетті деңгейде жүргізілмеген". "Осы уақыт аралығында 23,2 млн теңгеге дебиторлық борыш өшіріліп, кешірілген. Сондай-ақ, 2003-2006 жылдар арасында еншілес "Алтел"АҚ компаниясына 2 млрд теңге мөлшерінде қаржылық көмек көрсетілген. Қаржы 2007 жылдық мамыр айында қайтарылу керек болатын, алайда, осы күнге дейін берешек қайтарылмаған", - делінген ақпаратта.

Есеп комитетінің мәліметтері бойынша, "Қазақтелеком" АҚ жыл сайын айналымдағы ақшаны толтыру үшін қосымша несиені тартуда. "2007 жылдың 1 қаңтарына сәйкес, міндетті қарыздар мөлшері 57,1 млрд теңгені құрада, ал 2006 жылы төленген қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздардың пайыздық төлемдері 2,6 млрд теңге. Сырттан қаржы тарту арқылы 2006 жылы компания бос қаржыны екінші деңгейдегі банктердің депозитіне салып, 76,4 млрд теңге ден 25,9 млн теңге табыс тапты", - деп хабарлайды комитет. Сонымен бірге тексерушілер анықтағанындай, "Қазақтелеком" АҚ ақшаны ЕДБ қаржылық қызметтерін сараптамай, бос қаржыны депозиттерге уақытша салып отырған және "көп мөлшерде бос қаржыны орналастыру мерзімі асырылды".

"Есеп комитеті "Самруқ" "Қазақстан мемлекеттік басқару холдингке әкімшілік шығындарды оңтайландырып, "Қазақтелеком"АҚ активтерін басқару тиімділігін арттыруды ұсынады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны