24.10.2011, 16:35 4616

"Қазақтелекомның" 9 айдағы таза табысы 39,918 млн теңгені құрады

Шоғырландырылған қаржы көрсеткіштеріне сәйкес, компанияның таза пайдасы 39 918 млн теңгені құрап, қызметтерді сатудан түскен табыстар - 125 938 млн теңге, EBITDA - 52 643 млн теңге болған.

Алматы. 24-қазан. Kazakhstan Today - "Қазақтелекомның" 9 айдағы таза табысы 39,918 млн теңгені құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, шоғырландырылған қаржы көрсеткіштеріне сәйкес, компанияның таза пайдасы 39 918 млн теңгені құрап, қызметтерді сатудан түскен табыстар - 125 938 млн теңге, EBITDA - 52 643 млн теңге болған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 қазандағы тіркелген желі саны 3 900 619 дана, олардың ҚТС - 2 809 805, СТС - 1 090 814. ШПД абоненттер саны 911 801, iD TV пайдаланушылар - 73 316 адам болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны