08.11.2012, 11:53 3252

Қазан айында инфляция деңгейі 0,7 пайызды құрады

Қазан айында инфляция жылдық көрсетуде 5,5 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті мәлім етті.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Қазан айында инфляция деңгейі 0,7 пайызды құрады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазан айында инфляция жылдық көрсетуде 5,5 пайызды құрады. Бұл туралы Ұлттық банктің Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті мәлім етті.

ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляция қазанда 0,7 пайыз деңгейінде қалыптасты. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде ол 0,2 пайызды құраған болатын. Төртінші тоқсанның басында азық-түлік тауарлары мен азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 0,6 пайызға, ақылы қызмет көрсету 0,9 пайызға өсті. Былтыр ол азық-түлік тауарларында 0,3 пайыз, азық-түлікке жатпайтын тауарларда 0,1 пайыз, ал ақылы қызмет көрсетуде 0,4 пайызды құраған еді.

2012 жылғы қаңтар-қазанда инфляция 4,6 пайыз көлемінде болды. Былтырғы қаңтар-қазанда ол 6,5 пайызды құраған болатын. Жыл басынан бері азық-түлік тауарлары 3,8 пайызға (8,0%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2,8 пайызға (4,4%), ақылы қызметтер 7,5 пайызға (6,7%) қымбаттап отыр. Ал соңғы 12 айда азық-түлік тауарлары 4,9 пайызға (9,1%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 3,7 пайызға (5,3%), ақылы қызметтер - 8,1% пайызға (7,3%-ға) көтерілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны