01.11.2012, 12:01 3731

Қазан айында отандық өнеркәсіп орындардың өнімдері мен қызмет ақысы 1,7% қымбаттаған

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, қазан айында өндірістік өнім құны 1,7%, өндірістік қызмет түрлері - 1,2% қымбаттады. Тау-кен өнеркәсібі саласында баға 1,2%, өңдеу өнеркәсібі саласында 3% артыпты.

Алматы. 1-қараша. Kazakhstan Today - Қазан айында отандық өнеркәсіп орындардың өнімдері мен қызмет ақысы 1,7% қымбаттаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, қазан айында өндірістік өнім құны 1,7%, өндірістік қызмет түрлері - 1,2% қымбаттады. Тау-кен өнеркәсібі саласында баға 1,2%, өңдеу өнеркәсібі саласында 3% артыпты.

Мысалы, сығымдалған пропан мен бутан 14,4%, дизель отыны - 3,8%, көмір - 2,6%, мазут - 2,5%, мұнай - 1,8% артса, газ конденсаты 2,3% кеміген.

Қазан айында қорғасын бағасы 20,3%, мыс - 16,2%, мырыш - 15,2%, өңделмеген алюминий - 11,8%, бағалы металдар - 7,9% қымбаттаса, қара металл жаймасы - 5%, ферроқорытпалар - 0,3% арзандады.

Жарма 3,9%, макарон өнімдері - 3,5%, тауық еті - 3,4%, қара бидай ұн - 3,2%, бидай ұны - 2%, өсімдік май - 2% қымбаттап, балық 2,1%, шай бағасы 1,4% төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны