22.10.2009, 14:30 3397

"Қазатомөнеркәсібі" жылдың аяғына дейін Жапониямен бірлесіп Қазақстанда сирек кездесетін металл кеніштерін игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрады

"Қазатомөнеркәсібі" жылдың аяғына дейін Жапониямен бірлесіп Қазақстанда сирек кездесетін металл кеніштерін игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрады

Астана. 22 қазан. Kazakhstan Today - "Қазатомөнеркәсібі" Ұлттық атом компаниясы" АҚ жылдың аяғына дейін Жапониямен бірлесіп Қазақстанда сирек кездесетін металл кеніштерін игеру жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрады. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today және REGNUM ақпараттық агенттіктеріне берген сұхбатында "Қазатомөнеркәсібі" ҰАК" АҚ вице-президенті Сергей Яшин мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан президентінің былтырғы Жапонияға сапары аясында Қазақстанда саланы дамыту, яғни, сирек кездесетін металдардың негізінде жоғарғы технологиялы өнімдер өндірісін құру жөнінде келісім жасалған", - деді С. Яшин.

"Соған сәйкес бір жыл бойы жұмыс істеген біз қазір белгілі бір кезеңге келдік: қатысушылардың арасында Қазақстанда жобаларды одан әрі жүзеге асыру жөніндегі екі меморандум мен бір келісімге қол қойылды. Жобалардың бір бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде, бір бөлігі шығысында іске асырылады", -деді вице-президент.

Оның айтуынша, сондай-ақ, "жылдың аяғына дейін "Сумитомо" компаниясымен бірлесіп жобаның Техника-экономикалық негіздемесін жасау жөніндегі бірлескен кәсіпорын құрылады".

"Техника-экономикалық негіздемесін жасаған соң біз кәсіпорын қайда орналасатынын, қандай инвестициялар салынатынын, өндірістің қуаттылығы, тағысын тағы мәселелерді анықтаймыз", - деді ол.

Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ақылбек Камалдиновтың айтуынша, "қазір газ шығаруды азайту үшін әлемдегі барлық автокөлік жасаушы компаниялар тоқпен және отынды қозғалтқышпен жұмыс істейтін будан автокөліктер шығаруға талпыныстар жасауда. Осындай автокөліктер шығару үшін сирек кездесетін металл түрлері керек", - деді елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны