16.06.2014, 19:42 3393

Қазатомөнеркәсіп жерасты сілтісіздендіру ерітінділерін қайта өңдейтін бірінші мобильді кешен жұмысын іске қосты

Аталған қондырғы тұрақты қайта өңдеу кешендерінен алшақ қашықтықта орналасқан кішігірім уран кеніштеріндегі геологиялық кенді өнеркәсіптік өңдеуден өткізу үшін жасап шығарылған. Жобаның өндірістік қуаттылығы сағатына 100 м3 (маусымдық жұмыс кезеңінде шашамен 20-25 тонна уран) құрайды.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Бүгін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ басқарма төрағасының ұлттық атом компаниясының Оңтүстік-Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы өндірістік нысандарына жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды компания.

Іссапардың бірінші күнінің маңызды нүктесі ОҚО Созақ ауданы болды, мұнда Қазатомөнеркәсіп басшысы Владимир Школьник "Степное КБ" ЖШС ("Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ уран өндірісімен айналысатын еншілес кәсіпорыны) негізінде жерасты сілтісіздендіру ерітінділерін қайта өңдейтін бірінші мобильді кешен жұмысын іске қосты.

Мобильді кешен Отандық Жоғары технологиялар институтының ("ЖТИ" ЖШС - "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еншілес кәсіпорыны) бір топ ғалымдары ойлап тапқан әзірлеме болып табылады.

Аталған қондырғы тұрақты қайта өңдеу кешендерінен алшақ қашықтықта орналасқан кішігірім уран кеніштеріндегі геологиялық кенді өнеркәсіптік өңдеуден өткізу үшін жасап шығарылған. Жобаның өндірістік қуаттылығы сағатына 100 м3 (маусымдық жұмыс кезеңінде шашамен 20-25 тонна уран) құрайды.

"ЖТИ" ЖШС бас директоры Серік Қожахметовтың айтуынша, "мобильді қайта өңдеу кешені шалғайда орналасқан кеніштерді өңдеуге және болашақта өнімтал ерітінділерді қайта өңдеу цехін салу тиісміз болатын кішігірім кен орындарын игеруге арналған.

Жобаның негізгі артықшылықтары қатарында - шағын ауқымдылығын, энергия тұтыну төмендігін, барлық процессті жүргізуге қажетті минималды реагенттер жиынтығын, өнімнің өзіндік құнын азайтатын барынша қарапайым технологиялық сызбасын атап өтуге болады.

Қондырғының дайын өнімі - уранмен қаныққан ион алмастырылған шайыр. Монтаж және тасымалдауды жеңілдету үшін технологиялық қондырғы жиылмалы түрде жасалған. Қосалқы құралдар және тұрмыстық кеңселер тасымалданатын контейнерлерде орналасқан.

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ сапартобының өндірістік нысандарға іссапары жыл сайын өткізіліп отыратын шара. Биылғы сапар барысында Оңтүстік-Қазақстан облысының Таукент, Қыземшек ауылдарына және Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі елдімекендеріне тоқтау жоспарланып отыр. Владимир Школьник еліміздің оңтүстік өңірлерінде орын тепкен ұлттық атом компаниясының барлық өндірістік кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездеседі. Атап өтсек, олардың қатарына 13 уран өндіруші кәсіпорын, "Волковгеология" геологиялық барлау кәсіпорынының бөлімшелері, "Уранэнерго" ЖШС және "СКЗ-U" ЖШС күкірт-қышқыл зауыты кіреді. Аталған кәсіпорындар басшыларымен өтетін мәжіліске Созақ және Шиелі аудандарының әкімдері де қатысады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны