01.02.2011, 13:41 4152

Қазатомпром 2011 жылы 19,6 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отыр

"Қазатомпром" ҰАК АҚ 2011 жылы 19,6 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында "Қазатомпром" Ұлттық атомдық компаниясының басшысы Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - "Қазатомпром" ҰАК АҚ 2011 жылы 19,6 мың тонна уран өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында "Қазатомпром" Ұлттық атомдық компаниясының басшысы Владимир Школьник мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, "2011 жылы уран өндірісі 19 мың 600 тоннаны құрайды деп жоспарлануда. Бұл көлемдегі біздің компанияның үлесі 11 мың тоннада асады", - деді Школьник Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқасында.

2010 жылы 17 мың 803 тонна өндірілгенін атап көрсетті. "Қазатомпром" 2010 жылы тікелей тоғыз мың тонна уранның шала тотығы мен тотығы өткізілді", - деп қосты ол.

Ол сондай-ақ, "Қазатомпром" Ұлттық атомдық компаниясының 2010 жылғы шоғырланған таза табысы 53,6 млрд теңгені құрайды, еп атап өтті.

Бұл көрсеткіш компанияның шоғырланған таза табысы 40,648 миллиард теңгені құраған 2009 жылмен салыстырғанда үштен бір бөлігінен аса жоғары.

"Шоғырланған таза табыс 2010 жылға 53,6 млрд теңгені құрайды деп күтудеміз", - деді Шольник Қазақстанның индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқасында.

Оның айтуынша 2010 жылға дивидендтер шоғырланған табыстан 15% көлемінде төленеді. "Бұл сома (дивидендтер) 8 миллиард теңгені құрайды", - деп нақтылады Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны