03.04.2014, 20:55 3670

"Қазатомпром" аймақтардағы жобаларды жүзеге асыруға 30 млрд теңгеден астам қаржы бөлді

"Соңғы үш жылда біз құны 30 млрд. теңгеден асатын басталып қойған жобаларды аяқтадық. Бұдан басқа біз қайырымдылық және демеушілік қызметпенде белсенді айналысамыз", - деді Ж. Оспанов.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Аймақтарда жобаларды жүзеге асыру үшін 30 млрд. теңгеден астам қаржыны "Қазатомпром" АҚ бөлді, деп "Самұрық-Қазына" мен BNews.kz АА ортақ порталының онлайн-конференциясы барысында "Қазатомпром" АҚ әлеуметтік сұрақтар және қоғаммен байланыс мәселесі бойынша басқарушы директоры Жарқынбек Оспанов мәлім етті.

"Соңғы үш жылда біз құны 30 млрд. теңгеден асатын басталып қойған жобаларды аяқтадық. Бұдан басқа біз қайырымдылық және демеушілік қызметпенде белсенді айналысамыз", - деді Ж. Оспанов.

Оның айтуынша, әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде компания бірқатар облыстармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға отырды.

"Біз Ақмола, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда мен Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен меморандумға отырамыз. Онда тек бізді ғана емес жергілікті билікті қызықтыратын нысандардың құрылысы мен жобалар қарастырылған", - деп Ж. Омаров атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны