18.07.2011, 15:40 3347

Қазцинк 100 шақырымдық электр тасымалы желісін пайдалануға берді

Жоғары кернеулі желі теңіз деңгейінен 600 және 1800 метр аралығындағы биіктіктен өтетін болады.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan Today - "Қазцинк" компаниясы Бұқтарма гидроэнергетикалық және Риддер металлургиялық кешендерін жалғайтын кернеулігі жоғары жаңа электр тасымалы желісін пайдалануға берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Электр тасымалы желісінің құрылысы 2007 жылы басталған. Оны бітірісімен "Қазцинк" тағы да бірнеше ауқымды жобаларды бастап кетпек. Олардың қатарында Чащинск құмын өңдейтін зауыт құрылысы, Обручев алқабы кен орнын игеру және Риддер металлургиялық кешенінің жанындағы "Гидрополлимет" әлеуетін дамыту жобалары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жоғары кернеулі желі теңіз деңгейінен 600 және 1800 метр аралығындағы биіктіктен өтетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны