24.04.2015, 19:33 4710

KAZENERGY Қазақстан мен Халықаралық энергетикалық агенттік арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектеседі

Халықаралық энергетикалық агенттіктіӊ атқарушы директоры Мария Ван дер Ховенніӊ Астанаға сапары шеӊберінде ХЭА, Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігі және KAZENERGY қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан энергетикасын тұрақты дамыту мәселелерінде ынтымақтастықты нығайту мақсатымен қол қойылды

Астана. 24 сәуір. Kazakhstan Today - Халықаралық энергетикалық агенттіктіӊ атқарушы директоры Мария Ван дер Ховенніӊ Астанаға сапары шеӊберінде ХЭА, Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігі және KAZENERGY қауымдастығы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл құжатқа Қазақстан энергетикасын тұрақты дамыту мәселелерінде ынтымақтастықты нығайту мақсатымен қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Меморандум шарттарына сай тараптардыӊ әрекеттестігі ауқымы кеӊ мәселелерді қамтиды. Сонымен бірге, көрмеге байланысты халықаралық ірі шараларға қатысу, қазба отын түрлері, энергия, термоядролық энергия тұтыну тиімділігі, жаӊармалы энергия көздері және салааралық мәселелер бойынша жұмыс келісімдерін қоса алғанда, Қазақстанға энергетикалық технологиялар саласында халықаралық тәжірибе алмасуда көмектесу, тұрақты энергетиканы дамыту бойынша шешімдерді, сонымен бірге жаӊармалы энергия көздерін пайдалану және Қазақстанныӊ "Жасыл көпір" бастамасын алға бастыру арқылы "Болашақ энергиясы" тақырыбында EXPO 2017 өткізуге даярлықты қамтиды.

Меморандумға қол қойған тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына, семинарларға, конференцияларға қатысуға, ақпарат алмасуға, соныӊ ішінде аналитикалық болжамдар мен перспективалар бойынша ақпарат алмасуға және энергетиканы дамыту тақырыбындағы материалдарды жариялауға ниет білдіріп отыр.

Тараптар Қазақстан Республикасы сарапшыларыныӊ ХЭА энергетикалық технологиялар саласындағы көпжақты ынтымақтастығы бағдарламасына қатысуына көмек береді. Осы бағдарлама шеӊберінде Министрлік пен қауымдастықтыӊ лауазымды тұлғалары ХЭА-да қысқа мерзімді тағылымдамадан өтуі мүмкін.

Меморандумға қол қойғандар: Халықаралық энергетикалық агенттік атынан атқарушы директор Мария Ван дер Ховен, Қазақстан Республикасыныӊ Энергетика министрлігі атынан Министр Владимир Школьник, KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарыныӊ қауымдастығы атынан Бас директор Исет Мағауов

Меморандумға ҚР-дағы ЕО Өкілдігініӊ Басшысы, Өкіл Аурелия Бушез ханымныӊ және ҚР Энергетика министрі Владимир Школьниктіӊ төрағалық етуімен өткен "ХЭА-ға кірмейтін елдердіӊ: Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерініӊ энергетикалық саясаты" есебін таныстыру шеӊберінде қол қойылды.

Есеп Армения, Изірбайжан, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түркмения, Украина және Өзбекстанстанныӊ энергетикалық саясатына және энергетикалық секторыныӊ дамуына жасалған шолуды қамтиды. Құжатта инфрақұрылымныӊ ескіруін, жоғары энергия сыйымдылығын, төмен энергия тиімділігін, пайдаланылмайтын баламалы энергетикалық әлеует және нашар жұмыс ісетйтін өӊірлік энергетикалық нарықты қоса алғанда, энергетикалық сектордыӊ сын-қатерлері атап көрсетілген. ХЭА есебінде "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі мемлекеттік тұжырымдаманы қабылдау арқылы энергетикалық сектордыӊ перспективалық тәсілдерін ұсынып отырған Қазақстан Республикасыныӊ жетістіктері жоғары бағаланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны