07.02.2014, 18:14 1814

"Қазфосфат" 2020 жылға дейін жаңа өнім мен энергоқорға шамамен 1 млрд доллар инвестициялайды - И.Исекешев

"Химия өнеркәсібін дамыту мен жаңғыртудың кешенді жоспары қабылданды. Тек "Қазфосфаттың" өзі 2020 жылға дейін жаңа өнім мен энергоқорға шамамен 1 млрд доллар инвестициялауды жоспарлап отыр", - деді И.Исекешев.

Алматы. 7 ақпан. Kazakhstan today. "Қазфосфат" 2020 жылға дейін жаңа өнім мен энергоқорға шамамен 1 млрд доллар инвестициялайды. Бұл туралы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында ведомство басшысы Исет Исекешев мәлімдеді.

"Химия өнеркәсібін дамыту мен жаңғыртудың кешенді жоспары қабылданды. Тек "Қазфосфаттың" өзі 2020 жылға дейін жаңа өнім мен энергоқорға шамамен 1 млрд доллар инвестициялауды жоспарлап отыр", - деді И.Исекешев.

Сонымен қатар, кеңейтілген алқа мәжілісінде вице-министр Қазақстандағы химиялық өнеркәсіптің дамуы бойынша статистикалық мағлұматтарды атады.

"Сонымен өндіріс көлемі 3,3% өскен. Күкірт қышқылы өндірісі көлемі 10,8%, аммиак 14,5%, жуу құрылғылары 62,6% көбейген",- деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, ішкі нарық толықтай отандық цемент, бетон бұйымдары мен жергілікті гипсокартонмен қамтамасыз етілген.

Жыл қорытындысы бойынша, металлургия өнеркәсібінде боксит пен мыс рудасын өндіру есебінен өнім көлемінің 94% артуы күтілуде. Ал қалған негізгі металлдар өнімі 90% деңгейінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны