24.04.2008, 17:39 3364

"Қазфосфат" сары фосфорды дер кезінде тиеу үшін биыл 80 жаңа арнайы цистерна сатып алмақшы

"Қазфосфат" сары фосфорды дер кезінде тиеу үшін биыл 80 жаңа арнайы цистерна сатып алмақшы

Астана. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Қазфосфат" ЖШС сары фосфорды дер кезінде тиеу үшін биыл 80 жаңа арнайы цистерна сатып алмақ. Бұл туралы бүгін төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия отырысында "Қазфосфат" ЖШС бас директоры Мұқаш Ескендіров мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл цистерналар өте қымбат. 6 млн доллар тұрады. Экономика мен рентабельділік үшін қиындық тудырады. Бірақ біз бұдан шыға аламыз деп үміттенемін", - деді М. Ескендіров.

Оған дейін отырыста ҚР ТЖМ төтенше жағдайлар мен өндіріс қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы Серік Ахметов 183 арнайы теміржол цистерналарының пайдалану мерзімі біткендіктен Жамбыл бөлімшесінен аса улы зат дер кезінде тиелмей жатқанын хабарлаған.

"Қазфосфат" мұндай цистерналардың 700-іне иелік етеді. Өкінішке орай, Қазақстанда бұларды жөндей алатын және техникалық жағдайын анықтай алатын бір де бір арнайы теміржол ұйымы жоқ", - деп сөзін жалғастырды М. Ескендіров.

"Бүгінге дейін бұл мәселе шешілмеген. Біз қазір Украина, Ресей кәсіпорындарымен шарт жасасудамыз. Осы техниканы толығымен жөндеу және тексеру үшін сонда апарамыз. Сосын олардың Қазақстанда жүруін тағы да Қазақстан темір жолымен келісу керек", - деді М. Ескендіров.

Сондай-ақ, С. Ахметов ЖШС-тің Жамбыл бөлімшесінде улы және жарылыс қаупі бар сығымдалған газ аммиак тиелген көптеген цистерналар шоғырлануынан тек кәсіпорын ғана емес, бүкіл облыс орталығының халқына қауіп туғызып отырғанын хабарлады.

М. Ескендіров бұл жағдай тек Балқаш күкірт қышқылы зауытының іске қосылуымен ғана шешілуі мүмкін екенін түсіндірді. "Қазақстанда күкірт қышқылы жетіспейді. Сондықтан бізде анда-санда минералды тыңайтқыш өндірісінің екінші құрамдас бөлігі - аммиак цистерналары жиналып қалады", - деп сөзін қорытты ЖШС бас директоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны