05.09.2016, 13:51 3385

Қазгеология оӊтүстікамерикалық "SAMREC" ұйымымен ынтымақтастық орнатуда

"SAMREC" төрағасы Қазақстанға бірлескен ынтымақтастық бойынша келіссөз өткізу үшін келуге ниетті екенін айтып өтті.

Астана. 5 қыркүйек. Kazakhstan Today - Халықаралық геологиялық 35-ші конгресс аясында "Қазгеология" АҚ басқарма төрағасы мен оӊтүстікамерикалық "SAMREC" ұйым төрағасы Кен Ламберг кездесті, деп хабарлады ИДМ баспасөз қызметі.

Кездесуде тараптар CRIRSCO комитетініӊ мүшелері ретінде бірлескен ынтымақтастықты талқылады.

Өз кезегінде, "SAMREC" төрағасы Қазақстанға бірлескен ынтымақтастық бойынша келіссөз өткізу үшін келуге ниетті екенін айтып өтті.

Айта кетейік, 2016 жылдыӊ маусымында CRIRSCO халықаралық стандарты бойынша бұқаралық есеп бойынша қазақстандық кодекс мақұлданды, ол геологиялық жұмыстыӊ қорытындысы жайлы болатын, сондай-ақ, CRIRSCO халықаралық стандарт құрамына енді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны