10.06.2009, 13:55 1552

Қажет болған жағдайда Ұлттық банк салымдарға кепілдік беру қорына қолдау көрсетуге дайын - Марченко

Қажет болған жағдайда Ұлттық банк салымдарға кепілдік беру қорына қолдау көрсетуге дайын - Марченко

Алматы. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қажет болған жағдайда Ұлттық банк салымдарға кепілдік беру қорына қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қажет болған жағдайда біз салымдарға кепілдік беру қорына қолдау көрсетеміз", - деді Г. Марченко.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын еліміздің салымдарға кепілдік беру қорының төрайымы Бақыт Маженованың мәлімдегеніндей, егер Қазақстанда қандай да бір екі жүйеқұрушы банк құлайтын болса, салымдарға кепілдік беру қоры барлық салымшыларға ақшасын қайтара алмайды.

Ал Г. Марченко "мұндай жағдайдың болуы екіталай" дейді. Ол бұған қоса аталған мәлімдемені журналистер "ойды шашыратып, контекстен бөліп көрсеткен" деп атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Б. Маженова: "егер аталған екі банктің лицензиясы қайтарылып алынатын болса, бізде салымшыларға қайтаратын қаржы жеткіліксіз", деп мәлімдеген болатын. "2006 жылы "Валют-Транзит Банктің" лицензиясы қайтарып алынды, содан бері үш жыл өтті, кешікпей Біләлов бостандыққа шығады, ал бізде үшінші кезектегілердің өзі 17% болды", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны