16.07.2012, 11:38 3408

"Қазхром" трансұлттық компания" АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы 2013 жылға дейін аяқталады

Жобаның құны - 750 млн. доллар. Кейбір ақпарат көздерінде оның құны 1 млрд. долларды құрады деген дерек шындыққа жанаспайды. Бұл туралы пресс-тур кезінде журналистерге жаңа зауыт жоба құрылысының басшысы Икімжан Бишенов мәлім етті.

Ақтөбе. 16-шілде. Kazakhstan Today - "Қазхром" трансұлттық компания" АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы 2013 жылға дейін аяқталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "Қазхром" трансұлттық компания" АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде.

Жобаның құны - 750 млн. доллар. Кейбір ақпарат көздерінде оның құны 1 млрд. долларды құрады деген дерек шындыққа жанаспайды. Бұл туралы пресс-тур кезінде журналистерге жаңа зауыт жоба құрылысының басшысы Икімжан Бишенов мәлім етті.

"Бүгінгі күні жалпықұрылыстық жұмыстар атқарылып жатыр, негізгі 10 корпустың металл құрылғылары монтаждалуда. Жұмыс кестеге сәйкес іске асырылып келеді", - деді И. Бишенов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа зауыттың қуаттылығы 440 мың тонна жоғары көміртекті феррохромды құрайды, өндірістік әлеуеті қазіргі зауыттан артық болады. Құйылған қаржының көлемі 750 млн. долларды құрады. Құрылыс 2013 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Жоба Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасына кіреді. Зауыттың құрылысы хром өндірісін артыруға мүмкіндік бермек. Бұл шаралар сондай-ақ жиналатын шаң көлемін және қуат көзіне кететін шығынды азайтуға, феррохромды өндіру кезінде пайда болатын қалдықтарды жоюға мүмкіндік береді.

Зауыт 4 пештен тұрады. Ирқайсысының қуаттылығы 72 МВт-ты құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны