28.11.2006, 11:26 2809

"Қазына" АҚ-ның басшылығы қазақстандық даму институттарының іс-қызметін қаржыландыру жолдарын қайта қарауды ұсынады

АСТАНА. 28-қараша. Kazakhstan Today. "Қазына" АҚ-ның басшылығы қазақстандық даму институттарының іс-қызметін қаржыландыру жолдары "дұрыс емес" деп санайды және сол себепті оны 2007-жылдан бастап өзгерту қажет деп санайды. Бұл туралы Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму жөніндегі арнаулы кеңесінің отырысында кеше "Қазына" АҚ-ның басшысы Қайрат Келімбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, "Қазына" АҚ-ның мамандары даму институттарына алғашқы сатылы диагностика жасаған. Оның барысында институттарды қаржыландыру жолдарынан шығынға алып келетін бірқатар кемшіліктер анықталған.

Мәселен, мемлекеттік холдинг басшыларының пайымдауынша, Инвестициялық қорды қаржыландырудың қазір қолданылып жүрген үлгісі аталмыш қордың биыл 110 млн. теңге көлемінде шығынды жұмыс істеуіне алып келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны