11.02.2008, 16:44 3183

"Қазына" ашықтықтың символына айналуы керек -компания басшысы

"Қазына" ашықтықтың символына айналуы керек -компания басшысы

Астана. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" тұрақты даму қоры басқармасының төрағасы Арман Дунаев қордың құрылымдық бөлімшелерін қоғам алдында ашық болуға шақырды. Бұл туралы ол бүгін өткен алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Транспарентті және ашық болу қордың символына айналу керек. Біз ашық болмайынша, өзіміздің клиенттеріміз бен өтініш берушілерімізден ондайды талап ете алмаймыз", - деді А. Дунаев.

"Сондықтан құрылым бөлімшелерінің директорларына бірінші кезекте аудит жүргізілген компаниялардың есеп-қисабын бұқаралық ақпарат құралдарында жарыққа шығаруды ұсынар едім. Ал басты компанияда мұндай ұсынысты "Қазына" қорының директорлар кеңесінде өзім жеткіземін", - деді ол.

А. Дунаев атап өткеніндей, қордың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысында жобаларды ұзақ уақыт бойы қарастыруға жол берілмеуі керек.

"Құрылымдық бөлімшелердің барлық басшылары, әсіресе Қазақстан даму банкі өтініш берушілердің жобаларын ұзақ уақыт бойы қарауға жол бермеуі керек. Оларға жобаңыз не "қабылданды", немесе "жоқ, қабылданбайды", деп нақты жауап беру керек", - деп мәлімдеді ол.

А. Дунаевтың пікірінше, "директорлар кеңесінің құрылымдық бөлімшелерінің есептері бойынша қабылдаған шешімдерін сайтта орналастыру мүмкіндігін қоғам жақсы қабылдар еді".

"Менің пікірімше, сын бәрі бір қалады да, айтылады да, "оларға қаржы берілмеу керек еді" немесе "дұрыс шешім қабылданбады", "қаржы тиімсіз жұмсалды" сияқты пікірлер, айтылады. Бірақ қордың атына кір келтіретін түрлі қауесет, түрлі топшылаулар, әңгімелер болмайды", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны