28.07.2008, 10:01 1485

"Қазына" Астанадағы жалпы сомасы 31,7 млрд теңге болатын үлестік құрылыстың 34 нысанын несиелендірді

"Қазына" Астанадағы жалпы сомасы 31,7 млрд теңге болатын үлестік құрылыстың 34 нысанын несиелендірді

Астана. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" -"Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ Астанадағы 10 943 үлескер қатысқан жалпы сомасы 31,7 млрд теңге болатын үлестік құрылыстың 34 нысанын несиелендірді. Бұл туралы сенбі күні ел премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың ел үлескерлерімен кездесуі барысында Елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Жыл соңына дейін "Би-Ай Групп" ЖШС, "ҚУАТ корпорациясы" АҚ, "Лея" ЖШС, "Ромул" ЖШС және т.б. секілді компаниялардың 20 нысаны бойынша жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр. Олар 8077 үлескерді біріктіріп отыр. Бұл нысандарды аяқтау үшін 31,6 млрд теңге қажет", - деп хабарлады И. Тасмағамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны