17.04.2008, 16:08 3553

"Қазына" қоры инвестициялық басымдықтарын қайта қарамақшы

"Қазына" қоры инвестициялық басымдықтарын қайта қарамақшы

Астана. 17 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" қоры инвестициялық басымдықтарын қайта қарамақшы. Бұл туралы бүгін "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары төрағасы Арман Дунаев парламент мәжілісінде өткен "Отандық қаржылық институттардың ресурсын тиімді пайдалану - еліміздің бәсекелестік қабілетін көтерудің негізі" атты дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін біз инвестициялық басымдықтарды қайта қарауға шешім қабылдадық. "Қаржыны шаша бермей", инфрақұрылым секілді экономикалық дамуға база қалыптастыратын, сондай-ақ, минаралды шикізатты өңдеумен шұғылданатын жүйеқұрушы салаларды дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды ғана қаржыландыруды ұйғардық", - деді А. Дунаев.

"Сөйтіп, инвестициялық жобаларды қаржыландыруда "Қазына" АҚ бұдан былай инфрақұрылым - транспорт, логистика және энергетика, металлургия, химия және мұнайхимиясы, кәсіпкерлік секілді басымдықтарды таңдайды", - деді ол.

Оның айтуынша, 2010 жылы "Қазынаның" несиелік және инвестициялық қоржыны 75%-ын аталған басымдықтағы салалардың жобасымен, 25% -ын -коммерциялық ақталатын жобалармен толтырылады".

"Жалпы алғанда біз даму институттарының қоржынын қайта құрылымдауды көздеп отырмыз: жобалар бойынша шығындарды мойындау, жобалардан шығу, даму институттарында тиімді басқару жүйесін енгізу. Болашақта жобалар 70%-ға несиелік қаражат есебінен, 30% -ға өз қаржымыз есебінен қаржыландырылады", - деді А. Дунаев.

Сондай-ақ, қор басшысының айтуынша, "алдағы бес жылда "Қазына" өнеркәсіп пен инфрақұрылымды қаржыландыруды ұлғайтып, басқарудағы компаниялар мен активтерінің кірісін өсіруді қамтамасыз етеді".

"2012 жылы "Қазына" компанияларының тобы несиелік және инвестициялық портфелін $13,3 млрд дейін ұлғайтуды жоспарлауда. 2015 жылы "Қазына" даму институттарын лайықты сыйақымен жартылай немесе толық жекешелендірген егеменді инвестициялық қор мәртебесіне ие болады. Қор қызметі мемлекеттің кіріс көздерін әртараптандыру мақсатында активтерді басқаруға бағыт шоғырландырады", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны