06.09.2006, 13:22 3165

"Қазына" қоры мен Германияның "ТиссенКрупп" компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Қазына" қоры мен Германияның "ТиссенКрупп" компаниясы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз бір-бірімізді жан-жақты қолдаймыз, соның ішінде Қазақстанда ТиссенКрупп компаниясымен бірлескен кәсіпорындар құруға да көмектесеміз деп уағдаластық",- деп мәлімдеді Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Қазына" қорының басшысы Қайрат Келімбетов.

"Жалпы алғанда алдағы үш жылда ТиссенКрупп компаниясы Қазақстанда өндірістерді құруға 60 млн. евро көлемінде инвестиция салмақшы. Ал компанияның еліміздегі жылдық айналымы 200 млн. евроға дейін өседі",- деді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, "орта мерзімді перспективада компанияның еліміздегі жылдық айналымы 500 млн. евроға жетеді".

Өз кезегінде ТиссенКрупп компаниясы басқармаларының мүшесі Эдвин Айхлер компанияның қазақстандық кейбір компаниялардың акцияларын сатып алуға атсалыспақ ниетін жеткізді. Бірақ ол осы орайда компаниялардың тізімі мен сатып алынатын акция қоржындарының көлемін ашып айтпады. "Біз өз инвестицияларымыздың көмегімен акцияларын сатып алу арқылы сіздің елдің компанияларына дамуға септігімізді тигізетін боламыз",- деді ол.

ТиссенКрупп компаниясы болат өндірісі және оны сату мен технологиялар, жабдықтар және қызмет түрлерін сату саласы бойынша жылдық айналымы 45 млрд. евродан асатын әлемдегі жетекші компаниялардың бірі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны