31.05.2006, 13:47 7103

“Қазына” қорын құру мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейтуге бағытталған жоқ - Келімбетов

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. “Қазына” қорын құру мемлекеттің экономиканы реттеушілік ролін күшейтуге бағытталған жоқ. Бұл туралы бүгін даму институттарының Еуразиялық форумында сөз сөйлеген “Қазына” тұрақты даму қорының басшысы Қайрат Келімбетов атап көрсетті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Қор мен даму институттары әлеуметтік-экономикалық айрықша маңызды жобаларға ғана атсалысады, даму институттары бизнеспен бәсекелеспейді”,- деді ол.

“Қор мен даму институттарының іс-қызметі бизнесті дамыту мен бизнес-бастамаларды қолдауға жағдай жасауға бағытталады. Қор мен даму институттары жағдайды жақсартуға және артықша тиімділікке қол жеткізуге болатын қызмет түрлеріне ғана күшін шоғырландырады”,- деді ол.

“Қор мен даму институттарының іс-қызметі жеке меншік сала үшін ақпараттық дабыл беруге бағытталатын болады. Бұл экономикалық қызметтің жаңа салаларын құру арқылы жүзеге асырылады”,- деді Қ.Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны