03.09.2007, 18:31 3977

"Қазына" қорында ауыс-түйістер жасалды

"Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары құрамында ауыс-түйістер жасалды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 3 қыркүйек. АСТАНА. "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқармалары құрамында ауыс-түйістер жасалды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қордың баспасөз қызметінен хабарлады.

"Бүгін, 3 қыркүйекте "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның жалғыз акционерінің шешімінің негізінде Мақсат Мұханов "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның корпоративтік хатшысы қызметіне ауысуға байланысты "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды", - делінген қор дүйсенбі күні таратқан хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, М. Мұхановтың орнына "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ басқармалары төрағасының мемлекеттік органдармен жұмыс және операциялық іс-қызмет жөніндегі орынбасары қызметіне Қайрат Ийтекенов сайланды, ол бұған дейін ҚР туризм және спорт вице-министрі болған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Талгат Көкенов "Kazyna Capital Management" АҚ директорлары кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Ол осыған байланысты "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ басқармалары төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Ал бұған дейін "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басқарушы директоры болып істеген Алпамысов Абай Ибдісәметұлы "Kazyna Capital Management" АҚ басқармаларының төрағасы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ның президенті болып Жанат Жақанов тағайындалды, ол бұған дейін "Қазақстанның даму банкі" АҚ президентінің міндетін атқарушы болып істеген. "Қазақстанның даму банкі" АҚ-ның директорлары кеңесінің төрағасы лауазымында Сембин Асқар Болатұлы қалды.

"Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ 2006-жылғы сәуір айында экономиканы әртараптандыру және бәсекелестік қабілетіне қол жеткізу үшін экономиканың шикізат емес секторына жұмсалатын инвестиция көлемін ұлғайту және инновациялық іс-қызметті арттыру үшін құрылған.

Қазірде "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ даму институттарының (Даму банкі, Инвестициялық қор, Ұлттық инновациялық қор, Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры, Маркетингтік және талдамалық зерттеулер орталығы, Қазақстанның инвестицияларға қолдау көрсету орталығы, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпоарциясы) бірден-бір акционері болып табылады.

"Kazyna Capital Management" АҚ -ын Қазына қоры 2007 жылдың мамыр айында құрған. Ондағы мақсат - Қазақстан экономикасының шикізат емес секторына шетелдік жеке меншік инвестицияларды тарту, бағалы қағаздар рыногын дамыту және шетелдерден стратегиялық активтерпді сатып алу. Қор іс-қызметінің басты мақсаты - тікелей инвестиция салатын шетелдік және қазақстандық инфрақұрылымдық қорлар, венчурлық қорлар, портфельдік инвестициялық қорларға инвестиция беру болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны