31.05.2006, 16:11 7164

“Қазына” қорының басшысы еліміздегі даму институттарының құрылымын оңтайландыру мүмкіндігін жоққа шығармайды

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. “Қазына” тұрақты даму қоры” АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов еліміздегі даму институттарының құрылымын оңтайландыру мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ол бүгін даму институттарының Еуразиялық форумы аясындағы қысқаша баспасөз мәслихатында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Даму институттарының әкімшілік шығындарына қатысты жұмыстар жүргізілетіні анық. Кейбір тұстарда шығындарды қысқарту қажет екені, даму институттарының құрылымының тиімділігін қарау қажеттігі анық”,- деді ол. 7 даму институтының кейбір құрылымдары өзара біріктірілуі мүмкін екенін ол жоққа шығармады.

“Ең бастысы, біз бір-біріміздің жұмысымызды қайталамуымыз керек. Айталық, Қазақстан даму инстиутына өтініш беріп, тауы шағылған инветор одан әрі инвестициялық немесе инновациялық қорға бармауы керек. Егер бізде біртұтас мәліметтер қоры болған жағдайда инвесторлар кез-келген даму институтына өтініш бере сала бірден барлық ақыл-кеңестер мен несиелік желілерден хабардар бола алады. “Қазына” қоры осы жұмыспен таяу уақыттарда шұғылданатын болады”,- деді Қ.Келімбетов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны