02.08.2007, 15:54 2941

"Қазына" мен ҚР Сауда-өнеркәсіптік палатасы кәсіби-техникалық білім беру орталығын құру жөніндегі біріккен жоба жоспарлауда

АЛМАТЫ. 2-тамыз. Kazakhstan Today. "Қазына" Тұрақты даму қоры" АҚ Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасымен бірлесе отырып өзара ықпалдастық және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар осы меморандум аясында "Еліміздегі өндіріс орындарының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін кәсіп түрлерін игерген жұмысшылар мен мен білікті жұмыс күшін дайындау жөніндегі орталық" құруға қатысты жобаны жүзеге асырады. Бұл туралы кеше Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Ерлан Қожасбай мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта "білікті мамандардың жетіспеуіне байланысты өткір проблема туындап отыр, бір жұмысшыға 7 бастықтан келеді. Бұл аса қорқынышты ауытқушылық",- деп атап өтті Ерлан Қожасбай. "Еліміздің қажеттілігіне мамандар дайындау үшін көп бағытты кәсіби-техникалық білім беру орталығын құруда қолдау таптық",- деді ол.

Жоба кәсіби-техникалық мектеп пен өте тапшы мамандықтар бойынша мамандар дайындау орталықтарын құруды қарастырады. "Біз бірінші жобаны Алматыда ашпақпыз, яғни мұнда компаниялар өте көп. Бұл орталық көп профильды болады. Нарықтық қатынасқа өтумен бірге өте көп кәсіп пайда болды, біз оларды анықтап, шетелдік мамандарды тарта отырып дайындаймыз",- деп атап көрсетті Ерлан Қожасбай.

Сонымен қатар, ол аталмыш бағдарламаның "екі жақты көсқараспен қаралатынын атап өтті: біріншіден, әлеуметтік жоба, яғни азаматтарды өте тапшы мамандыққа қайта дайындау. Екіншіден, коммерциялық жоба. Осы тектес орталықтарға қанша қаржы қажет болатындығы белгілі болғанда ғана біз қаржыландыру туралы талқылайтын боламыз",- деп атап өтті.

Атап айтқанда, Ерлан Қожасбайдың хабарлауынша, Шағын бизнес қоры "бүгінде жобаны 500 мың АҚШ долларына дейін қаржыландырып отыр. Келешекте қаржыландыру көлемі ұлғаяды: микробизнес үшін - 500 мың АҚШ долларына дейін, шағын бизнес үшін 1 - 3 млн АҚШ долларына дейін, орта бизнес үшін - 3 - 10 млн АҚШ долларына дейін өседі",- деді Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті.

"Біз соңғы 2-3 жылда ең үлкен проблема - жоғары білікті жұмысшы мамандарды дайындау проблемасы екендігіне көз жеткіздік. Бұл проблема бізге де жетті және де менің пайымдауымша, оған жауап ретінде бизнес осындай бастама көтеруге тиіс. Бұл бағыттың болашағы өте зор",- деп атап көрсетті Е. Қожасбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны