15.08.2006, 14:46 3255

"Қазына" мен "Самұрық" нақты мақсаттарды жүзеге асыруға көшуге тиіс - президент әкімшілігінің жетекшісі

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. "Қазына" тұрақты даму қоры мен мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингі нақты мақсаттарды жүзеге асыруға көшуге тиіс. 2006-жылдың І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық даму қорытындысы бойынша өткен үкіметтің отырысында бүгін президент әкімшілігінің жетекшісі Иділбек Жақсыбеков осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазына" мен "Самұрық" ағымдағы жылы институт ретінде құрылып бітіп, стратегиялық бағыттағы нақты мақсаттарды шешуге ден қоюға тиіс",- деді президент әкімшілігінің жетекшісі.

"Жоспардан нақты жобаларға ден қоятын кез жетті. Қазақстан нарығында әлемдік брендтер пайда болып, біздің бренд "Қазына" мен "Самұрықтың" белсенді жұмысының арқасында әлемге танылуға тиіс",- деді ол. И.Жақсыбековтың пікірінше, "өңдеу өнеркәсібінің басымдық берілген салаларында жоғары технологиялық өндірістер құруды қарқындандырып, экспорттық өндірістерді дамытуға баса назар аудару қажет".

"Ал басқарушы құрылымдар бұл жерде компаниялардың ағымдағы іс-қызметіне араласуға тиіс емес",- деді И.Жақсыбеков.

"Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі "Самұрық" холдингінің басқаруында мұнай және газ, көлік, байланыс және энергетика сынды стратегиялық салалар бар", деп еске салған президент әкімшілігі жетекшісініің пікірінше, "ең таңдаулы корпоративтік тәжірибені қолданысқа енгізудің нәтижелері келесі жылы байқалуға тиіс".

"Басқарушы холдингтік компания ретінде "Қазына" тұрақты даму қоры мемлекеттік даму институттарын корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құруға тиіс",- деді И.Жақсыбеков.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны