11.02.2008, 17:38 3115

"Қазына" өзінің стратегиялық міндеттерін орындауы керек - Дунаев

"Қазына" өзінің стратегиялық міндеттерін орындауы керек - Дунаев

Астана. 11-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ қордың стратегиялық міндеттерін жүзеге асырумен тікелей байланысты емес жобалардан кезең-кезеңмен шығуы керек. Мұндай пікірді бүгін қордың басқарма төрағасы А. Дунаев мекеменің алқа отырысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"2008 жылдың қорытындысы бойынша кіріс құрылымы сапа тұрғысынан өзгеруге тиіс",- деп мәлім етті А. Дунаев.

"Кіріс үлесі негізгі іс-қызметтен өсу үшін "күмәнді" несиелер мен актив түріндегі инвестициялардан түбегейлі арылу қажет",- деп қосты ол. Сонымен қатар, А. Дунаевтsң пайымдауынша, "қордың стратегиялық міндеттерімен тікелей байланысты емес инвестициялар мен несиелерден дәйекті түрде "арылуды" бастайтын кез келген сияқты".

"Тіптен мұндай жобаларды жүзеге асыру деңгейі жоғары болып, қарыз алушы сенімді болсын, бірақ жуықта бізге ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын айтарлықтай реаллокациялау қажет болады",- деп түсіндірді ол.

"Қазына" басшысы, қордың "капитал базасын жалғыз акционер ретінде үкімет тарапынан ұлғайту мүмкіндігі бар екендігін" атап өтті.

"Бірақ республикалық бюджеттің мүмкіндігі әлеуметтік бағдарламалар көлемімен шектеулі, сондықтан да біз үшін "есеп беретін мерзім" жақындап қалды",- деп атап көрсетті А. Дунаев. "Ирине, екінші деңгейлі банктер тарапынан несиелеуді қысқарту кезеңінде біз шұғыл әрекет етуге тиіс емеспіз, бірақ банктердің мұндай ахуалға жеткен жағдайы мәңгі жалғаспауы керек. Сондықтан, кіріскен ісімізді сәтті аяқтап шыға алатын жобаларды анықтау жұмысын бүгіннен бастай беруіміз қажет", - деді "Қазына" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны