04.06.2007, 17:33 2925

"Қазына" республика аймақтарында инвестициялық қорлар желісін құруды жоспарлауда

АСТАНА. 4 - маусым. Kazakhstan Today. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ республика аймақтарында инвестициялық қорлар желісін құруды жоспарлауда. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында "Қазына" тұрақты даму қорының басқармалары төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Қайрат Келімбетов еліміздің жекелеген аймақтарында даму институтының инвестициялық құралдарынң аясын кеңейту үшін жобаларды жүзеге асыру моделінің әзірленгендігін хабарлады. Атап айтқанда, Ақтөбе облысында жергілікті билік өкілдерінің қолдауымен жарғылық капиталы 30 млн АҚШ долларын құрайтын инвестициялық қор құру жоспарлануда, оның 10 млн АҚШ долларын әкімшілік, 10 млн АҚШ долларын "Қазына" бөледі және тағы 10 млн АҚШ долларын жеке сектордан тарту жоспарлануда.

"Қазына" АҚ басшысы сондай-ақ, инвестициялық қоры бірінші кезеңде Астанада, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында тағы құрылатынын хабарлады. "Қор шешімі алқа негізінде жеке сектормен бірлесе отырып қабылданатын жергілікті деңгейдегі жобаларды іздестіру және дайындау функциясын атқарады",- деді Қайрат Келімбетов. "Біз әрбір аймақта орташа көлемі 3 млн АҚШ доллары болатын 8-10 жобаны қаржыландыратын боламыз",- деп қосты ол.

Қайрат Келімбетовтың пайымдауынша, "жобалардың жартысын байқау негізде анықтауға болады, ал артынан "Қазынаның" олардағы үлесі инвесторларға сатылады". "Икімшіліктер инвестициялық жобалар үшін бизнестен әлеуетті тең инвесторларды іздеуге көмектесу, сондай-ақ келешек өндірістерді коммуникациялық және басқа да қызмет түрлерімен қамтамасыз етуге көмектесетін болады",- деп нақтылап өтті ол.

Сонымен қатар, Қайрат Келімбетов "Қазына" АҚ аймақтардың әлеуеті мен болашағын зерттеу үшін, олардың дамуын бірлесе отырып жоспарлау үшін әкімшіліктермен тығыз ынтымақтасуды жобалап отырғандығын атап өтті. Оның ақпараттарына сүйенсек, Маркетингтік -талдамалық зерттеу орталығының жүзеге асырып отырған жұмысына жақын күндері Жамбыл және Қызылорда облыстарын дамыту стратегиясын әзірлеу жөніндегі жоба, сондай-ақ Маңғыстау аймағындағы еркін экономикалық аймақты алға жылжыту жөніндегі жобалар қосылады. "Бұл жұмыстардың барлығын "Қазына" қаржыландырады, бірақ аймақтар тарапынан тең қаржыландырылатын зерттеулерге қатысты жұмыстарды біз тез жүргіземіз",- деп атап өтті Қайрат Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны