29.05.2008, 15:50 2293

"Қазына" ТДҚ-ын коцессиялық жобалар бойынша байқау жариялаған кезеңде шешуші қаржылық әріптес ретінде айқындау қажет - Ийтекенов

"Қазына" ТДҚ-ын коцессиялық жобалар бойынша байқау жариялаған кезеңде шешуші қаржылық әріптес ретінде айқындау қажет - Ийтекенов

Астана. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -"Қазына" ТДҚ-ын коцессиялық жобалар бойынша байқау жариялаған кезеңде шешуші қаржылық әріптес ретінде айқындау қажет. Бүгін мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігін дамыту мәселелері бойынша өткен дөңгелек үстелде "Қазына" ТДҚ басқармалары төрағасының орынбасары Қайрат Ийтекенов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Қазына" ТДҚ-ның мемлекет пен жеке меншіктің серіктестік жобаларына қатысу перспективасын қарай келе мен мемлекеттік органдарға мынадай ұсыныс жасағым келеді: мемлекеттік қаржылық институт деген мәртебесін ескере отырып біздің қорға потенциалдық концессионерлер арасында таңдау жасау арқылы қандайбір жалғыз компанияға артықшылық беру лайықсыз дер едім, ол іс жүзінде жеке бизнестегі қалыпты құбылыс", - деді Қ. Айтекенов.

"Қазына" қоры байқауда жеңіске жеткен және концессия жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес ең таңдаулы концессиялық жоба ұсынған концессионерді ғана қолдай алады", - деді ол.

"Алайда, "Қазынаның" байқау аяқталып, концессиялық келісімге қол қойылғаннан кейін ғана ең соңғы кезеңде жұмысқа тартылуы қаржы бөлу мерзімі мен жобаны жүзеге асыру мерзімін созып жібереді", -деді ТДҚ өкілі.

"Осыған байланысты "Қазына" концессиялық жобаның техника-экономикалық негіздемесі алдын-ала қаралғаннан кейін және оған мемлекет пен жеке меншік құрылымдар қызығушылық танытқаннан кейін байқау жариялайтын кезеңде шешуші қаржылық серіктес ретінде айқандала алады. Бұл байқауда жеңген концессионер тарапынан біздің қатысуымызға мүдделілік болған жағдайда қор жобаға өз қаржысымен қатыса алады, оның егжей-тегжейі келісіледі", - деді Қ. Ийтекенов.

"Басқа сөзбен айтқанда, потенциалдық концессионерлер қордан қаржы алу мүмкіндігі туралы алдын-ала хабарландыру алады, бұл ретте осындай ақпаратқа баршасы қол жеткізе алады, бұл әділеттілік принципін қамтамасыз етеді", - деді ол.

"Ұсынылған схеманың мемлекет үшін де, жеке меншік сектор үшін де бірқатар артықшылықтары бар: мемлекеттік сектор үшін қордың ерте бастан жобаға атсалысуы концессиялық жобаның жеке меншік сектор тұрғысынан тартымдылығын арттыруды және жобаның тіршілік қабілетін қосымша дәлелдей түсуді білдіреді. Ал жеке меншік сектор үшін бұл басқа қаржы көздерінен тиімдірек шартпен қаржы тартуға мүмкіндік беріп, жобаның сапалы әрі кешенді бағалануына кепілдік ролін атқара алады", - деді орынбасар.

"Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржылық корпорация секілді халықаралық институттар ұқсас схемамен қатыса алады. Мен оларды осы бастаманы қолдауға және біздің ынтымақтастығымыздың келешегін талқылауға шақырамын", - деді Қ. Ийтекенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны