23.08.2006, 16:16 3133

"Қазына" Ұлттық қордың қаржысын инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға пайдалану мүмкіндігін қарастыруда

АСТАНА. 23-тамыз. Kazakhstan Today. "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ Ұлттық қордың қаржысын инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға пайдалану мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ басқармаларының төрағасы Қайрат Келімбетов бүгін баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір біз Ұлттық қордың қаржысын орта мерзімді перспективада даму институттарында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тетігінің көмегімен пайдалану мүмкіндігін қарастырып жатырмыз",- деді төраға. Оның айтуынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін Ұлттық қордың қаржысы 13 млрд. долларға, ал келесі жылы 18 млрд. долларға жетеді.

"Қазірдің өзінде Ұлттық қор қаржысының бір бөлігін пайдалану арқылы пилотты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бар",- деді ол. Сонымен бірге 2007-жылға арналған бюджеттің жобасында даму институттарының қаржысын көбейту қарастырылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны