11.02.2008, 16:01 2615

"Қазынаның" бастамасымен дәрі-дәрмектің біртұтас автоматтандырылған дистрибуциялық жүйесінің жобасы жасалуда

"Қазынаның" бастамасымен дәрі-дәрмектің біртұтас автоматтандырылған дистрибуциялық жүйесінің жобасы жасалуда

Астана. 11 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Қазына" Тұрақты даму қорының бастамасымен дәрі-дәрмекті мемлекеттік медициналық мекемелерге дистрибуциялаудың біртұтас автоматтандырылған жүйесінің жобасы жасалуда. Бұл туралы қор басқармалары төрағасының орынбасары Қайрат Ийтекенов қордың алқа мәжілісінде құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

""Қазынаның" бастамасымен қазір дәрі-дәрмекті мемлекеттік медициналық мекемелерге дистрибуциялаудың біртұтас автоматтандырылған жүйесінің жобасы жасалуда", - деді Қ. Айтекенов.

"Одан күтілетін тиімділік - мемлекет сатып алатын дәрі-дәрмек бағасының төмендеуі, импорттан тәуелділіктің азаюы, отандық өндірістің ұлғаюы мен бақылауды автоматтандыру", -деді ол.

Қ. Айтекеновтың айтуынша, жобаны "Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Малайзияның тәжірибесінің негізінде жасаған".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны