Система Orphus

"Қазинвестбанк" АҚ банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берілген лицензиядан айырылды

28.12.2016 3544

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасыныӊ 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 291 қаулысына сәйкес "Қазинвестбанк" АҚ-ты "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ 48-бабы 1-тармағыныӊ в) тармақшасында көзделген негіздер бойынша, төлем және аударым операциялары бойынша шарттық міндеттемелерді үнемі (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет) тиісінше орындамағаны үшін Банкке Қазақстан Республикасыныӊ Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген 2008 жылғы 21 наурыздағы № 221 лицензиядан 2016 жылғы 27 желтоқсаннан бастап айыру туралы шешім қабылданды,- деп хабарлайды ҚР ҰБ баспасөз қызметі.

Бас банк ақпаратына сәйкес, банк секторыныӊ жиынтық активтері мен міндеттемелеріндегі "Қазинвестбанк" АҚ активтері мен міндеттемелері үлесініӊ төмен болуына байланысты (0,7%) "Қазинвестбанк" АҚ-ын лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдары үшін тәуекелдерге әкелмейді.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасы орынбасарыныӊ 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған Банкті басқарудыӊ барлық органдарыныӊ өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады",- делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі таратқан ақпаратқа сәйкес, 2016 жылғы 27 желтоқсаннан бастап уәкілетті органныӊ нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, "Қазинвестбанк" АҚ-на келіп түсетін ақшаны есептеуге байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердіӊ және "Қазинвестбанк" АҚ банк шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылды.

Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық Банкі заӊнамада белгіленген тәртіппен "Қазинвестбанк" АҚ қызметін мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы сотқа өтініш жасайды.

Сот "Қазинвестбанк" АҚ-ын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған күннен бастап банкті ұстап тұруға ағымдағы шығыстарға байланысты талаптарды қоспағанда, кредиторлардыӊ Банкке талаптары тек тарату өндірісінде ғана ұсынылуы мүмкін.

"Қазинвестбанк" АҚ жеке тұлғалардыӊ депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесініӊ қатысушысы болып табылады, осыған орай депозиторларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемі төленетін болады.

Уақытша әкімшілік қызметініӊ барлық мәселелері бойынша Уақытша әкімшілік басшысы - Д.М. Зинуллинаға не Басшысыныӊ орынбасары А.Л. Отцоваға +77012224736 телефоны бойынша өтініш жасау қажет.

Барлық қызығушылық танытқан сұрақтар бойынша +7(727) 330 00 77 "жедел желі" телефоны бойынша, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкініӊ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасына +7(727) 278 80 84 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны