07.12.2012, 12:12 2617

"Казинвестбанк" АҚ облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 07 желтоқсанынан бастап ""Казинвестбанк" АҚ (Алматы) KZ2CKY07B733 (KZ2C00000347, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KIBNb1; 1 теңге, 1 250,0 млн теңге, 07.12.05 - 07.12.12; жарты жылдық купон жылдық 6,50 %; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Казинвестбанк" АҚ облигациялары айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 2012 жылдың 07 желтоқсанынан бастап ""Казинвестбанк" АҚ (Алматы) KZ2CKY07B733 (KZ2C00000347, KASE ресми тізімі, "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санаты, KIBNb1; 1 теңге, 1 250,0 млн теңге, 07.12.05 - 07.12.12; жарты жылдық купон жылдық 6,50 %; 30/360) облигацияларының айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды деп хабарлайды.

Аталмыш облигациялар KASE ресми тізіміне 2005 жылдың 07 ақпанынан бастап енгізіліп, 2008 жылдың 01 қыркүйегінен бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының бірінші санатшасына, ал 2010 жылдың 23 маусымынан бастап KASE ресми тізімінің "Рейтингілік бағалауы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына ауыстырылды. Олардың сауда-саттығы 2006 жылдың 12 сәуірнда ашылған.

Аталмыш облигациялардың биржада айналыста болу мерзімінде олардың сатып алушы үшін өтелуіне кірістілігі (ашық сауда-саттық әдісімен жасалған мәмілелер бойынша) жылдық 10,50 және 13,40 % аралығында құбылды.

2011 жылы аталмыш облигациялар биржадағы мемлекеттік емес бағалы қағаздарының саудалану рейтингінде жасалған мәмілелердің көлемі бойынша 110-ші жайғасымға (нарықтың тиісті айналымынан 0,13 %) және корпоративтік облигациялардың осыған ұқсас рейтингінде 98-ші жайғасымға иеленді (0,15 %).

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны