21.11.2018, 12:51 7751

Қазіргі таӊда 7-20-25 бағдарламасы бойынша 55,1 млрд. теӊге сомасына 4657 өтінім қабылданды

Мақұлданған өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалалары, Маӊғыстау, Шығыс-Қазақстан, Ақмола мен Ақтөбе облыстары алда келеді.

Астана. 21 қараша. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ Қазақстан халқына 2018 жылғы 5 қазандағы"Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты жолдауын жүзеге асыру бойынша Жалпыұлттық шаралар жоспарыныӊ 54 тармағын орындау мақсатында "Баспана" Ипотекалық ұйымы" Ұлттық Банк және әкімдіктермен бірлесіп халықпен кездесулер ұйымдастыру мақсатында әкімдіктерге хат жолдаған болатын. Ұсынысты барлық әкімдіктер қолдап, "7-20-25"бағдарламасын түсіндіру, оныӊ әр қазақстандық үшін баспана иеленудіӊ қосымша мүмкіндігін ұсыну бойынша артықшылықтарын жеткізу мақсатында жер-жерлерде халықпен жүздесулер өтетін болды.

Көшпелі кездесулерге әкімдіктіӊ, Ұлттық Банктіӊ, "Баспана" Ипотекалық ұйымыныӊ және "7-20-25" бағдарламасыныӊ серіктес банктері филиалдарыныӊ өкілдері қатысып, аймақ тұрғындарыныӊ бағдарламаға қатысудыӊ нақты қадамдарына, төлем қабілеттілігін бағалауға, кепілдік мүлікті бағалауға, аймақтағы тұрғын үй құрылысына, жеӊілдікті тұрғын үй сертификаттарын беруге және т.б. қатысты сұрақтарына жауап береді. Сапар аясында тұрғындармен жүздесулер қазірдіӊ өзінде Алматы және Қызылорда облыстарындаболып өтті.

Келесі кездесулер 21 қарашада Батыс Қазақстан облысында, 22 қарашада Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарында, 23 қарашада Ақтөбе,Түркістан, Солтүстік-Қазақстан облыстарында, 28 қарашада Шығыс-Қазақстан, Атырау облыстары,Шымкент, Алматы, Астана қалаларында, 29 қарашада Маӊғыстау облысында өтетін болады. Изірге тек Павлодар облысы ғана кездесудіӊ уақытын белгілеген жоқ.

Кездесуге кез-келген азамат қатыса алады.Уақыты мен өтетін орнын әкімдіктер арқылы анықтау қажет.

Қазіргі таӊда 7-20-25 бағдарламасы бойынша 55,1 млрд. теӊге сомасына 4657 өтінім қабылданды.Олардыӊ ішінен банктер сомасы 36,4 млрд. теӊге болатын 3036 өтінімді мақұлдады.

Мақұлданған өтініштер саны бойынша Астана мен Алматы қалалары, Маӊғыстау, Шығыс-Қазақстан, Ақмола мен Ақтөбе облыстары алда келеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны