25.05.2010, 12:36 4013

Қазіргі таңда елімізде 4,5 миллион гектар дәнді дақылдар себілді - Күрішбаев

Қазіргі таңда елімізде 4,5 миллион гектар дәнді дақылдар себілді - Күрішбаев

Астана. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қазіргі таңда елімізде 4,5 миллион гектар дәнді дақылдар себілді. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев 21 мамырда Солтүстік Қазақстан облысына іссапары кезінде журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазіргі таңда елімізде 4,5 миллион гектар дәнді дақылдар себілді. Бұл былтырғы жылға қарағанда 500 мың гектарға артық. Бүгін 1 миллиондай майлы дәнді дақылдар себіліп отыр. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда 300 мың гектарға көп",- деді А.Күрішбаев.

"Біз былтыр майлы дақылдарды тек қана 1 миллион гектар жерге сепкен болсақ, одна биыл ауыл шаруашылығы өндірушілерінен 1 миллион 400 мың-500 мың гектарға көбейтеміз деп жоспарлап отырмыз. Майлы, бұршақ дақылдарына ауысуымыз қажет. Өйткені бұл дақылдардың бағасы бидайға қарағанда 4-5 есе қымбат. Сондықтан осындай тиімді дақылдар болатын болса, егін шаруашылығын бүгінгіден де ілгері дамытуға мүмкіндік алатын боламыз",- деді мекеме басшысы.

"Биыл елімізде бұрын соңды болмаған рекордтық өнім алдық. Осыған орай біз қолданған шаралардың арқасында экспортқа 6,9 млн тонна астық шығардық. Бұл былтырғымен алғанда, 1,6 млн тоннаға артық. Бір сөзбен айтсақ, бұл жылдық меже. Бүгінгі таңда біз осыған келдік. Бірақ әлі де болса, біздің есебіміз бойынша қоймаларда, элеваторларда 6,9 млн тонна астық жатыр. Былтырғыдан бұл 3 миллион тоннаға артық. Енді Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір тоннаға тасымалдау үшін 40 долларға субсидия бөлініп отыр. Сондықтан қазір экспорт жоғарылауы керек",- деді ол.

"Иртараптандыру қазір былтырғымен салыстырғанда, алқаптардың көбіне майлы дақылдармен және бұршақ дақылдарымен себілгенін айтқым келеді. Бұл өте дұрыс. Бірақ, шынын айту керек, біз, ғылыми негіздемеде ұсыныс берген құрылымнан әлі алыс тұрмыз. Соған әлде де бидайымыз монокультура болған көп жерлерде оған әлі тиісті назар аударылмай отыр. Сондықтан, әрине, біз әрбір шаруашылыққа дәнді дақылды қанша мөлшерде сеп, қандай дақылдар сеп деп айта алмаймыз. Біздің мақсатымыз мына нарықтық экономика жағдайында мемлекет ретінде бұл шаруашылықтарға қажетті түсініктеме беріп, содан кейін субсидия механизмін дұрыстап қолданып, субсидияны ынта механизмі арқылы реттеуіміз қерек. Бұл жұмыстар бүгінгі таңда қолға алынып жатыр. Жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар жүріп жатыр",- деді А.Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны