25.02.2008, 13:11 2278

Қазіргі жағдаймен Қазақстан өткен жылғы түсімнен 7 млн тоннаға жуық астық экспорттады - ауылшаруашылығы министрі (толықтырылған нұсқа)

Қазіргі жағдаймен Қазақстан өткен жылғы түсімнен 7 млн тоннаға жуық астық экспорттады - ауылшаруашылығы министрі (толықтырылған нұсқа)

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазіргі жағдаймен Қазақстан өткен жылғы түсімнен 7 млн тоннаға жуық астық экспорттады. Бұл туралы еліміздің Ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен бұған дейін атап өткендей, еліміздің экспорттық әлеуеті 10 млн тоннаға жуық, яғни, жаңа түсімге дейінгі мерзімде біз тағы да үш млн тоннаға дейін өнім экспорттай аламыз", -деді ол.

Сонымен қатар министр 1 наурыздан бастап Қазақстанда астықты экспорттауға шектеу енгізілетіінн атап өтті. "1 наурыздан бастап бұған дейін біз кейде қолданып келген шараны қолданбақпыз. Экспорттауға квота енгізілмеуі мүмкін, бірақ бізде кедендік тарифтер секілді басқа да реттеу шаралары бар", -деді ол.

А. Есімов бидай экспортына кедендік тарифтерді ұлғайту шарасын Ресейдің қазір қолданып жатқанын еске салды. "Олар бидайды елден алып шығуға кедендік баж салығын 40%-ға дейін ұлғайтты. Бұл бидайды елден шығару тиімсіз болатын жағдайға алып келді", - деді ол.

"Біз осы тектес немесе соған ұқсас шараны қолданатын боламыз, бірақ біз экспортқа тыйым салмай, оны шектейтін боламыз, өйткені бізде бидай экспорттауға ресурстар бар", - деді А.Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны