05.12.2012, 16:28 3094

"Казкоммерцбанк" АҚ өзінің артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға дивидендтер төлеуді көздеп отыр

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 05 желтоқсанында биржаға баспасөз-релизін жолдап былай деп хабарлады:

Алматы. 5-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Казкоммерцбанк" АҚ өзінің артықшылықты акциялары бойынша 2011 жылға дивидендтер төлеуді көздеп отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Казкоммерцбанк" АҚ (Алматы) 2012 жылдың 05 желтоқсанында биржаға баспасөз-релизін жолдап былай деп хабарлады:

"Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "Банк") Банк акционерлерінің 2012 жылдық 08 мамырында өткен жылдық жалпы жиналысының шешіміне және Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңының 24 бабы 3 тармағына сәйкес Банк акционерлеріне артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төленетіні туралы хабарлайды.

Дивиденд төленетін кезең - күнтізбелік жыл. Бір артықшылықты акциға шаққандағы дивиденд көлемі - Банк акцияларының шығарылым Аңдатпасына сәйкес тиянақталған болып табылады да, теңгемен көрсетіліп, бір артықшылықты акцияға келесі формуламен есептеледі: 0.04 х дивиден төлеу датасына Банктің есептік бағамы. "Банктің есептік бағамы" деп Банктегі есептік бағам орнатылған күннен бір жұмыс күні бұрын Қазақстан қор биржасының таңертеңгілік (негізгі) сессиясында қалыптасқан теңгенің АҚШ долларына бағамын түсіну керек.

Дивиденд төлеу басталатын күн - 2012 жылдың 12 желтоқсаны, Бактің артықшылықты акциялары бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімін құрастыру датасы - 2012 жылдың 12 қарашасы. Дивидендтер төлеу тәртібі мен формасы - қолма-қол ақшасыз, Банктің артықшылықты акцияларын ұстаушы - акционерлердің есеп-шоттарына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны