27.10.2015, 11:11 4353

"Казкоммерцбанк" пен "Mercur Auto LTD" компаниялары ЭКСПО-2017 серіктесі болуға ниетті

Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыӊ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтыӊ Алматы қаласыныӊ бизнес өкілдерімен кездесуде айтылды.

Астана. 27 Қазан. Kazakhstan Today - "Казкоммерцбанк" акционерлік қоғамы мен "Mercur Auto LTD" компаниясы ЭКСПО-2017 серіктесі болуға ниет білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бұл туралы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясыӊ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтыӊ Алматы қаласыныӊ бизнес өкілдерімен кездесуде айтылды.

Кездесу барысында ұлттық компания басшысы жоба жайлы, көрме кешенініӊ құрылысы жөнінде және халықаралық көрменіӊ мән-мақсаты туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол бүгінгі таӊда 49 мемлекет пен 11 халықаралық ұйымныӊ ЭКСПО-2017 қатысатындығын, әрі көрменіӊ әлемдік деӊгейде ерекше қызығушылық тудырып отырғандығын жеткізді.

"Қазірдіӊ өзінде 10 астам ірі компаниялар серіктес ретінде тартылды. Олардыӊ қатарында: NCOC консорциумы, CISCO, Эйр Астана, Saint-Gobain компаниялары, тағысын тағылар бар. Бұл бағытта белсенді жұмыс жасалып жатыр" - деді А.Есімов.

Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ келеді деп күтілуде. Көрменіӊ бір күнде 55 мыӊнан 110 мыӊ адамға дейін көре алады. Кездесуге қатысушылар компания брендін ілгерілетуде және бизнестіӊ сервистік түрін дамытуға үлкен мүмкіндік екендігін атап өтті.

Кездесу соӊында қонақтарға Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесініӊ жобасы таныстырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны