05.03.2012, 15:22 3802

Қазкоммеррцбанк ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасын аяқтады

Бүгін Алматыда "Қазкоммерцбанк" АҚ 2009 жылдан бері мемлекеттік және өз қаражаты есебінен банк 7720 қарыз алушының ипотекалық несиелік пайыздық мөлшерлемесін азайтқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Алматы. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Қазкоммеррцбанк ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасын аяқтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Алматыда "Қазкоммерцбанк" АҚ 2009 жылдан бері мемлекеттік және өз қаражаты есебінен банк 7720 қарыз алушының ипотекалық несиелік пайыздық мөлшерлемесін азайтқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Ипотекалық несиені қайта қаржыландыру бағдарламасы 23 ақпанда аяқталған болатын.

"Ипотекалық заемды қайта қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасы қиын жағдайда қалған біздің көптеген клиенттерімізге айтарлықтай көмек көрсетті. Қарызды арзандату мен несиелеуді кеңейтудің барлық үдерісін жасау үшін "Самұрық-Қазына" қорымен үлкен жұмыс жасадық", - дейді Казкоммерцбанктің басқарушы директоры Андрей Тимченко.

"Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ-ның бұл бағдарламасында мемлекеттік қызметкерлердің ипотекасын 9 пайызға, ал өзгелердікін 11 пайызға дейін қысқарту көзделген болатын. Бұл желі бойынша Үкіметтен бөлінген 24 миллиард теңге Қазкомда толық игерілді. Атап айтқанда 2009 жылы ішінде 1491 әлеуметтік және бюджеттік сала қызметкерлері бар 5922 қарыз алушының пайыздық мөлшерлемесі азайтылды. 2010-2012 жылдары банк тағы 7,4 миллиард теңгенің 1571 ипотекалық несиесін арзандатты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны