07.04.2018, 14:03 6194

"ҚазМақта" корпорациясы мақтааралдық шаруалардыӊ қарызын толықтай қайтарды

Корпорация мақтасын өткізіп қаржысын ала алмай жүрген шаруаларға 21 наурыз күні 150 млн теӊге көлеміндегі қаржыны қайтарса, қалған 44 шаруаныӊ қаржысын 5 сәуір күні толығымен берді. Қазіргі таӊда кәсіпорын шаруаларға берешек жалпы 353 млн теӊге қарызын 100 пайыз төледі

Шымкент. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Мақтаарал ауданындағы еӊ даулы мәселе өз шешімін тапты. Кеше "ҚазМақта" АҚ жыл бойына еӊбектеніп еккен мақта өнімін өткізген 307 шаруадан 323,4 млн теӊге қарыз болған берешегінен толық құтылды. Кезеӊ-кезеӊімен қарызын бөліп төлеген завод бүгін соӊғы қалған 113,7 млн теӊгені 44 шаруаға төледі,-деп жазады Мақтаарал ауданы әкімі аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

2017 жылдыӊ 15 желтоқсанында "ҚазМақта" АҚ-на мақта шикізатын өткізіп, қаржысын ала алмай жүрген бір топ шаруалар Мақтаарал ауданы әкімдігіне арызданып келген болатын. Аудан әкімі Ғ.Исмаилов пен тиісті сала жетекшілері шаруалардыӊ өтінішін тыӊдап, оларға тиісті құжаттарды құқық қорғау органдарына тапсыру қажеттілігі түсіндірілген.

Көтерілген мәселеніӊ шешімін табу ұзаққа созылғандықтан 2018 жылдыӊ 2 ақпанында АІІБ-не шаруалар тарапынан түскен арыздыӊ негізінде "ҚазМақта" АҚ-на қатысты ҚР ҚК-ніӊ 190 бабы, 4-бөлігініӊ 2 тармағымен қылмыстық іс қозғалып, жедел тергеу тобы құрылып, заӊ талаптарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. Даулы мәселеге облыс әкімі Ж.Түймебаев пен облыс прокуроры Н.Ибдіров араласып, жағдайды өз бақылауларына алған болатын. Осылайша тиісті жұмыстарды жүргізу барысында 15 ақпанда шаруалардыӊ 60 млн теӊгесі төленсе, 20 наурызда корпорация қызметкерлерініӊ 28,7 млн теӊге жалақылары берілді.

Корпорация мақтасын өткізіп қаржысын ала алмай жүрген шаруаларға 21 наурыз күні 150 млн теӊге көлеміндегі қаржыны қайтарса, қалған 44 шаруаныӊ қаржысын 5 сәуір күні толығымен берді. Қазіргі таӊда кәсіпорын шаруаларға берешек жалпы 353 млн теӊге қарызын 100 пайыз төледі. Шаруалар мәселеніӊ шешілуніе тікелей ықпал еткен облыс әкімі Ж.Түймебаев пен облыс прокуроры Н.Ибдіровқа өз ризашылықтарын білдіруде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны