26.02.2014, 20:23 3678

"ҚазМұнайГаз" барлық кәсіпкерліктердегі баламалы кәсіп қызметкерлерінің жалақы көлемін біркелкі етеді - С.Мыңбаев

"ҚазМұнайГаз" барлық кәсіпкерліктердегі баламалы кәсіп қызметкерлерінің жалақы көлемін біркелкі етеді. Бұл туралы кеше ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. "ҚазМұнайГаз" барлық кәсіпкерліктердегі баламалы кәсіп қызметкерлерінің жалақы көлемін біркелкі етеді. Бұл туралы кеше ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

"Жалақы көлемінің теңсіздігін жою мақсатында 2013 жылы "ҚазМұнайГаз" Жалақы төлеудің бірыңғай жүйесін дайындады. Жалақы төледің бірыңғай жүйесін енгізу бірдей кәсіп иелерінің жалақысындағы әділдікті қамтамасыз етеді. Бірдей еңбекке бірдей жалақы төленуі керек", - дейді С.Мыңбаев.

Осы орайда "Мұнай мен газды барлау мен өндіру" бизнес бағыты бойынша қызметкерлердің анықтамасы мен жұмыскер кәсіпкерліктердің анықтамасы дайындалды.

"Сонымен қатар, біздің үлескер құрылымдарда "ҚазМұнайГаз" кәсіпкерліктер жүйесінің барлығында баламалы кәсіп қызметкерлерінің жалақы көлемін біркелкі ету ұғымы бар", - деді басқарма төрағасы.

С.Мыңбаевтың айтуынша, бұл бүгінгі таңдағы қызметкерлердің жалақы теңсіздігін жою мен еңбек ұжымында әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудың жалғыз ұтымды жолы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны