22.10.2012, 15:01 3076

"ҚазМұнайГаз" басқарудың орталықтандырылған интеграциялық жүйесін енгізбек - баспасөз баяны

Мақсат - қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес басқарудың орталықтандырылған интеграциялық жүйесін енгізу. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

Қоғам қажеттілігінің өсуін есепке ала отырып "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ компаниялар тобы Илеуметтік Жауапкершілік пен Тұрақты Дамуды басқару процесін қайта құрылымдау жөніндегі жобаны жүзеге асыруда.

Мақсат - қазіргі заманғы халықаралық стандарттарға сәйкес басқарудың орталықтандырылған интеграциялық жүйесін енгізу. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат агенттігі.

"Илеуметтік Жауапкершілік пен Тұрақты Дамуды басқару басқару саласында халықаралық стандарттарды пайдалану жетекші халықаралық корпорациялардың күнделікті тәжірибесіне айналуда. Қазақстанда халықаралық стандарттарды халықаралық және жеке елдік ІРО-ларға, ұлттық компанияларға, оның ішінде мұнайгаз секторына кіретін компанияларға енгізіп жатыр. Осыған орай, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Қазақстан Республикасы мұнайгаз компаниялары тәжірибесінде Илеуметтік Жауапкершілік пен Тұрақты Дамуды басқарудың қазіргі заманғы стандарттарын қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу бойынша белсенді позиция ұстанады", делінген баспасөз хабарламасында.

Жоба аясында Қазақстанда бірінші рет мынадай міндеттер жүзеге асырылуда: ұлттық мұнайгаз холдингінің ИЖТД орталықтандырылған интеграциялық басқару жүйесін құру, ИЖТД басқарудың халықаралық стандарттарын жүйелі түрде енгізу, қаржылық емес есеп беру, аудит, халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес жауапты қызметкерлердің біліктілігін көтеру процесін ұйымдастыру. "Біз тұрақты даму мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі принциптерін сабақтастыра енгізу күнделікті іскерлік тәжірибені неғұрлым тиімді ете түсетініне, стейкхолдерлердің ашықтығы мен өзара біріккен іс-қимылға ықпал ететініне, акционерлер мен инвесторлар қатынастарының жариялылығын қамтамасыз ететініне сенімдіміз. Біз қазірдің өзінде компаниялардың тәжірибесінде әлеуметтік жауапкершілік саласындағы белгілі бір халықаралық стандарттар форматын қолданамыз. Біздің компаниялар тобы бойынша халықаралық GRI (Global Reporting Initiative) есеп беру жүйесін енгізуде тәжірибеміз бар. Ол экология, кәсіпорындарда еңбекті қорғау, әлеуметтік жауапкершілік саласында компанияның еңбек және қызмет жағдайлары мәселелері бойынша ұсынысты және ақпаратты талдауды жеңілдетеді. Ал БҰҰ-ның ғаламдық келісімшарт талаптарына компания сонау 2006 жылы қосылған", - дейді "ҚМГ" ҰК АҚ Басқарма төрағасы Ляззат Қиынов.

Жобаға қоғамдық ұйымдардың өкілдері, қазақстандық және шетелдік сарапшылар, ҚМГ ҰК АҚ компаниялар тобының адам ресурстарын басқару, қоғамдық байланысты басқару, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік, әлеуметтік жобаларды басқару саласы бойынша басшылары мен жетекші мамандары қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны