11.09.2012, 13:09 4010

"ҚазМұнайГаз" бен "Петровьетнам" әлеуетті ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды

Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чьюнг Тан Шангтің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында вьетнамдық делегация "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының орталық кеңсесінде болды, деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.

Астана. 11-қыркүйек. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз" бен "Петровьетнам" Маңғыстау облысында көмірсутегін өндіру бойынша әлеуетті ықпалдастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чьюнг Тан Шангтің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында вьетнамдық делегация "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясының орталық кеңсесінде болды, деп хабарлады аталған компанияның баспасөз қызметінен.

Қонақтар еліміздің мұнай-газ өнеркәсібі көшбастаушысының қызметімен танысып, екі елдің мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастығы туралы мәселелерді талқылады. ҚМГ-дағы келіссөздер нәтижесінде өзаратүсіністік жөніндегі меморандумға қол қойылды. Құжатты "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ляззат Қиинов пен "Петровьетнам" мұнай және газ барлау корпорациясының басшысы До Ван Хау рәсімдеді.

Компаниялар арасында қол қойылған өзаратүсіністік жөніндегі меморандум Қазақстан Республикасы аумағындағы Маңғыстау облысының құрғақ жерінде орналасқан бос учаскеде көмірсутегі шикізаты ресурсын барлау, әзірлеу және өндіруге әлеуетті бірлескен қатысуға негіз қалайды.

Тараптар көмірсутегі шикізатын барлау мен өндіру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуды ұйғарып отыр. "Петровьетнам" мұнайды және табиғи газды барлау, игеру және өндіруде тәжірибесі бар мұнай-газ компаниясы ретінде Қазақстан Республикасының аумағында көмірсутегі шикізаты ресурсын барлау және өндіруді жүргізуге қызығушылық танытты.

Бұдан бұрын, үстіміздегі жылдың шілдесінде "ҚазМұнайГаз" "Петровьетнам" мұнай және газ барлау корпорациясына техникалық қызметтер көрсететіндігі жөнінде екі компания қызметтер көрсету туралы келісімге қол қойған болатын.

Координаттар шегіндегі учаскелердің перспективалығы анықталған жағдайда тараптар бірлескен жұмысты жалғастырады және негізгі коммерциялық, техникалық және келісімшарттық талаптар жөнінде келіссөздер жүргізетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны