25.07.2014, 19:52 4109

"ҚазМұнайГаз" БӨ жарты жыл ішінде 6 мың тонна мұнай өндірді

"ҚазМұнайГаз" БӨ жарты жыл ішінде 6 мың тонна мұнай өндірді

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. "ҚазМұнайГаз"Барлау Өндіру" АҚ ("ҚМГ БӨ", "Компания") 2014 жылдың бірінші жарты жылында 6 мың тонна мұнай өндірді, - деп компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

ҚМГ БӨ "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), "CCEL" (CCEL), "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2014 жылдың алғашқы алты айында 6 106 мың тонна (тәулігіне 250 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2013 жылдың осындай кезеңіндегіден 0,2%-ға артық.

Компания "Өзенмұнайгаз" АҚ (ӨМГ) және "Ембімұнайгаз" АҚ-да (ЕМГ) 2014 жылдың өндірістік жоспарын 8 170 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) деңгейінде болжап отыр.

Өндірісті жаңғырту бағдарламасы аясында екі нысан қолданысқа берілді.

Лиман блогындағы Новобогат ЮВ (карниз үсті) кен орнында эксплуатациялық сынақ басталды.Қоршаған ортаны қорғау саласында меморандумға қол қойылды.

Компания "Қазақ мұнай және газ институтындағы" (КИНГ) өзіне тиесілі акцияларды сату туралы шешім қабылдады.

"2014 жылдың алғашқы алты айының нәтижелері ҚМГ БӨ-нің биылғы жылға межеленген жоспарды орындап жатқанын дәлелдейді. Өндірісті жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыс та жалғасын тапты - мемлекеттік органдар мен ҚМГ ҰК арасында тарихи ластанған топырақты кәдеге жаратуда ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, Атырау облысындағы екі мұнай-газ өндіруші басқармада ілеспе газды кәдеге жарату проблемасы шешілді десе болады, Маңғыстау облысында радиоактивті қондырғыларды тазарту жобасын іске асыру басталды",- деді ҚМГ БӨ бас директоры Абат Нұрсейітов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны