12.10.2007, 16:28 3136

ҚазМұнайГаз халықаралық көмірсутегі нарығында ірі ойыншыға айналмақ ниетте - Қарабалин

ҚазМұнайГаз халықаралық көмірсутегі нарығында ірі ойыншыға айналмақ ниетте.

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ халықаралық көмірсутегі нарығында ірі ойыншыға айналмақ ниетте. Бұл туралы кеше парламент мәжілісінің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің көшпелі отырысында депутаттар алдында есеп берген "ҚазМұнайГаз" АҚ президенті Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

"ҚазМұнайГаз" әуел бастан-ақ көмірсутегіне қатысы бар барлық іс-қызмет салалары бойынша кем дегенде мемлекет деңгейінде жетекші рөл иеленуге ұмтылған тікелей интеграциялық компания құруды көздеген. Ал болашақ жоспарымыз - ірі халықаралық ойыншыға айналу", - деп мәлімдеді Ұзақбай Қарабалин.

Ол "ҚазМұнайГаз" компаниясы "ҚазақОйл" және "Мұнай және газ транспорты" компанияларының негізінде құрылғанын еске салып өтті. "Сол кездің өзінде-ақ, біздің компаниямыздың жан-жақты профильді, біздің функционалдық бағыттарымыздың көп салалы болуына негіз қаланған болатын. Ал солай істеуге маңызды себептер болған", - деп атап көрсетті компания президенті.

"Дүниежүзінің мұнай-газ қоғамдастығындағы дүниежүзілік басты ағым -көмірсутегін өндірудің жалпы көлемі аясындағы ұлттық компанияның үлесін айтарлықтай өсіру. Егер, ХХ ғасырдың 70-жылдары дүниежүзіндегі ұлттық компаниялардың үлес салмағы 6 пайызды ғана құраса, ХХІ ғасыр басында бұл көрсеткіш 50 пайызға дейін ұлғайды", - деп түсіндірді ол.

Ұзақбай Қарабалиннің пайымдауынша, саладағы ірі бәсекелес компаниялар көмірсутегімен байланысты барлық жұмыстар тізбегін қамтумен сипатталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны