12.10.2007, 15:56 2555

ҚазМұнайГаз ірі мұнай-газ жобаларында Қазақстан үлесінің артуына ықпал етуді жалғастыра бермек

ҚазМұнайГаз ірі мұнай-газ жобаларында Қазақстан үлесінің артуына ықпал етуді жалғастыра бермек.

АСТАНА. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ ірі мұнай-газ жобаларында Қазақстан үлесінің артуына ықпал етуді жалғастыра береді. Бұл туралы кеше парламент мәжілісінің экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің көшпелі отырысында депутаттарға есеп берген "ҚазМұнайГаз" АҚ президенті Ұзақбай Қарабалин хабарлады.

"Компания мемлекет мүдделері атынан әрекет ету және ірі мұнай-газ жобаларында Қазақстан үлесін дамыту тәжірибесін жетілдіре беретіндігін атап айтқым келеді", - деді "ҚазМұнайГаз" президенті. Оның айтуынша, бірінші кезекте, бұл Солтүстік Каспий, Теңіз және Қарашығанақ кеніштеріне қатысты. "Жалпылай алғанда, ірі үш жобадағы Қазақстан үлесі өсе түсуде", - деп атап көрсетті Ұзақбай Қарабалин. "Егер, 2002 жылдың қорытындысына сәйкес, қазақстандық үлес көлемі абсолюттік көрсеткішпен 827 млн АҚШ долларын құраса, 2006 жылы 2,4 млрд АҚШ долларына жетті", деп атап өтті Ұзақбай Қарабалин.

Сонымен бірге, Ұзақбай Қарабалиннің пайымдауынша, "аталмыш жобалардағы қазақстандық үлестің ең жоғары деңгейіне ұмтылу керек".

Ол еліміздегі мұнай-газ кешеніндегі отандық компаниялардың қатысу көлемін арттыру мақсатында ҚазМұнайГаздың орта мезгілді "Қазақстан үлесін дамыту бағдарламасын" жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны