09.02.2011, 13:08 4246

"ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" АҚ бас директоры тағайындалды

"ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" АҚ бас директоры тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - ақпан. Kazakhstan Today - "ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" АҚ бас директоры тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, ҰК "Қаз Мұнай Газдың" басқарма шешімімен "Қаз Мұнай Газдың - қайта өңдеу және маркетинг" АҚ бас директоры болып Жанат Түсіпбеков тағайындалған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жаңа басшыны тағайындау Ұлттық компания Басқармасының "ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" қайта құрылымдау жүргізу туралы шешімімен сәйкес келді.

"Ұлттық компаниямен бастамашылық жасалған аталған өзгерістер бірін-бірі қайталайтын басқарушылық қызметтерді жоюға, оперативтілікті арттыруға, сондай-ақ операциялық шығындарды, оның ішінде ұжым санын оңтайландыру есебінен төмендетуге мүмкіндік береді деп санаймын", - деп атап өтті Ж. Түсіпбеков тағайындау кезінде.

Компанияның мәліметтеріне сүйенсек, "ҚазМұнайГаз - қайта өңдеу және маркетинг" АҚ Бас директорлығына тағайындалғанға дейін Ж. Түсіпбеков "ҚазМұнайГаз Өнімдері" АҚ Бас директорының міндетін орындады. Мұнай-газ саласында Жанат Түсіпбеков 2005 жылдан бастап жұмыс істейді, бірнеше жыл бойы "ҚазМұнайГаз" сауда үйі" АҚ атқарушы директоры, Бас директордың бөлшек өткізу жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны