26.02.2014, 20:22 2895

"ҚазМұнайГаз" МӨЗ 2013 жылы 16 млн тоннадан астам мұнай өңдеді - С.Мыңбаев

"ҚазМұнайГаздың" МӨЗ 2013 жылы 16 млн тоннадан астам мұнай өңдеді. Шымкент пен Павлодардағы МӨЗ қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп, Атырау МӨЗ-да ароматы көмірқышқылын өндіру кешенінің құрылысы жобасын дайындауда. Ал Маңғыстау облысында битум өндірісі зауыты қолданысқа берілді. Газ тасымалы көлемі 110 млрд теңгеге жетті", - дейді С.Мыңбаев.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. "ҚазМұнайГаз" МӨЗ 2013 жылы 16 млн тоннадан астам мұнай өңдеді. Бұл туралы кеше ҚР Мұнай және газ министрлігінің алқа мәжілісінде "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.

"ҚазМұнайГаздың" МӨЗ 2013 жылы 16 млн тоннадан астам мұнай өңдеді. Шымкент пен Павлодардағы МӨЗ қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп, Атырау МӨЗ-да ароматы көмірқышқылын өндіру кешенінің құрылысы жобасын дайындауда. Ал Маңғыстау облысында битум өндірісі зауыты қолданысқа берілді. Газ тасымалы көлемі 110 млрд теңгеге жетті", - дейді С.Мыңбаев.

Жалпы, оның айтуынша, өткен жылы компаниялар тобы жоспарлы көрсеткіштердің көбіне қол жеткізген.

2013 жылдың қорытындысы бойынша, мұнай өндіру көлемі 22,6 млн тоннаны құрап, 2012 жылға қарағанда шамамен 6% өсімді көрсетті. Ал газ өндірісі 12% өсіп, 2,929 млрд текше метрге жетті.

"Негізгі өнімдерден түскен кіріс 10% артып, 3 трлн 257 млрд теңгені құрады. 2013 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс 24% өсіп, 456,8 млрд теңгеге жетті", - деп түйіндеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны