25.03.2011, 13:03 4894

ҚазМұнайГаз өндірісті дамытуға 20 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция салмақ

ҚазМұнайГаз өндірісті дамытуға 20 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция салмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 25 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚазМұнайГаз өндірісті дамытуға 20 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция салмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың алғашқы бес жылдығында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы өндірісті дамытуға 20 млрд доллар инвестиция жасамақ. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин Ақтауда Маңғыстау облысы мұнай-газ компанияларының еңбек ұжымымен кездесуінде мәлім етті.

"ҚазМұнайГаз" ҰК-ның маңызды жобаларының қатарында мұнай өңдеу зауыттарын кешенді жаңғырту жұмыстары бар. Сондай-ақ, осы жылы ірі инфрақұрылымдық жоба - "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының құрылысы іске асырыла бастайды.

"Ол Маңғыстау, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағынан өтеді. Газ құбыры арқылы жалпы саны 1,5 миллион адам тұратын елді-мекендер газдандырылады. Ол Қазақстан халқының оннан бір бөлігі", - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК басқарма төрағасы Қайыргелді Қабылдин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны