27.02.2015, 14:35 4017

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС мен "ROMPETROL Downstream SRL" компаниясы Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

26 ақпанда Астана қаласында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС компаниясыныӊ офисінде "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС мен KMG International тобыныӊ құрамына енетін "ROMPETROL Downstream SRL" арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

Астана. 27 ақпан. Kazakhstan Today - 26 ақпанда Астана қаласында "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС компаниясыныӊ офисінде "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС мен KMG International тобыныӊ құрамына енетін "ROMPETROL Downstream SRL" арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Меморандумға сәйкес тараптар Қазақстанда бөлшек сауда бизнесін дамытуда өзара күш салысып, екіжақты ынтымақтастық, білім, тәжірибе алмасу және ноу-хау үдерісіне ықпал етуге ниет танытты.

"ҚазМұнайГаз - өӊдеу және маркетинг" АҚ және KMG International еншілес компанияларыныӊ жоспарлы ынтымақтастығы осыдан бұрын "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ өкілдерініӊ Бухарест қаласына бару сапарыныӊ жемісі болып табылады, онда KMG International тобыныӊ бизнесін трансформациялау бойынша "Жақсыға қарай өзгеріс" жобасы ұсынылды. 2013 жылы іске қосылған жоба өзініӊ тиімділік нәтижелерін көрсетті және Акционерден мақұлдау алды, ол компания тәжірибесін "Самұрық-Қазына" ҰИҚ" АҚ тобында бизнесті трансформациялаудыӊ ауқымды бағдарламасын іске асыру кезінде компанияныӊ тәжірибесін пайдалануды көздеп отыр.

Ынтымақтастық аясында жоспарлы іс-шараларды орындау үшін бірлескен жұмыс тобын құру, бизнесті трансформациялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасу және өзара әрекеттестікті бір жолға қою, ниеттестік, инновация бағдарламасы, тауарлар мен қызметтерді ұсыну, қызмет тиімділігін арттыру көзделген.

Тараптар қол қойылған Меморандум аясында әріптес ұйымдар мен тәуелсіз дилерлерді тарта отырып, бөлшек сауда бизнесін дамыту саласында тәжірибе алмасу, компанияныӊ бизнес-үдерістерін және ұйымдастырушылық құрылымын оӊтайландыру, персонал тренингтері мен персоналдыӊ тиімділігін бағалау жүйесін енгізу үдерісі жүзеге асырылатын болады.

- Біз "ROMPETROL Downstream SRL" компаниясымен бизнесті трансформациялау және бөлшек сауда желісін басқаруда оныӊ тәжірибесі мен технологиясын пайдаланудағы ынтымақтастыққа мүдделіміз. Бізге еуропа нарығында бәсекелестікті ортада жұмыс істейтін компанияныӊ тәжірибесі бізді өте қызықтырады. Өзара түсіністік туралы қол қойылған меморандум бірлескен жобаны іске асыру үшін барлық күшін салуға дайын екендігін растайды, ол біздіӊ компаниялар үшін техникалық, сондай-ақ экономикалық тиімділіктен тұрады - деп атап өтті "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Бас директоры (Басқарма төрағасы) Геннадий Морозов.

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС және "ROMPETROL Downstream SRL" ынтымақтастығы қазақстандық компанияға дамудыӊ жаӊа деӊгейіне шығуына, алдыӊғы қатарлы халықаралық тәжірибені алуға және клиенттердіӊ көӊілі толушылығы мен ниеттестігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қосымша ақпарат алу үшін: "ҚазМұнайГаз Өнімдері" ЖШС Бөлшек сауда желісін дамыту департаментініӊ Корпоративтік коммуникациялар секторы

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны