04.07.2008, 17:46 2687

ҚазМұнайГаз ҰК Қазақстанның КТК-дағы үлесін ұлғайту мәселесін дәйектеуде

ҚазМұнайГаз ҰК Қазақстанның КТК-дағы үлесін ұлғайту мәселесін дәйектеуде

Астана. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚазМұнайГаз ҰК Қазақстанның КТК-дағы үлесін ұлғайту мәселесін дәйектеуде. Бұл туралы KazEnergy қауымдастығының төрағасы Тимур Құлбаев жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу мәселелрі бойынша дөңгелек үстел соңында журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақстан тарапынан КТК-дағы үлесін ұлғайту мүддесі сөзсіз болады", - деді Т.Құлбаев.

"Ұлттық компания қазір осы бағытта жұмыс істеп жатыр. Ресей жағы да, Қазақстан жағы да одан мүдделі. Үлесті арттыру КТК арқылы тасымалданатын мұнай көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді, айдалатын мұнай көлемінің бір бөлігі Оманның үлесінде, жаңа акционер осы үлесті бсқаратын болады", -деді KazEnergy басшысы.

Ресей бұдан бұрын Оманға тиесілі компания акциясының 7 процентін сатып алу арқылы өз үлесін ұлғайтпақ ниетін мәлім еткен. Бұл қоржынға Қазақстан мен Венгрияның MOL компаниясы да қызығышылық танытуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны